00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Басының бір жақ бөлігі жоқ»: Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүтін бір отбасы ажал құшқан

24.02.2023 | 21:35
Елорда ақпарат
31

11 қаңтар күні көз жұмған ерлі-зайыпты және олардың 15 жастағы жалғыз қызының жерлеу рәсімі өтті. Жақындары оқтың көп атылғаны сонша, мүрдені тану қиынға соққанын айтады.

Мәйітханаға барғанымда қызды жартылай ғана көріп таныдым. Басының бір жақ бөлігі жоқ деуге болады, – дейді марқұмдардың туысы.

Елдегі тәртіпсіздік кезінде көз жұмған бір отбасының мүшелері қонақта болған. 8 қаңтар күні кешкі сағат 9 болмай үйлеріне қайтқан.

Сондай-ақ Талдықорғандағы Өтенай ауылының тұрғыны Лаура Нұрғалиева бүйрегі мен аяғына оқ тиіп, аман қалған. Ал бір көлікте отырған жолдасы мен көршісі оқтан көз жұмған. Әйел 7 қаңтар күні сағат 19.30 кезінде туысының үйіне бармақ болғандарын айтады.

Бұрылып қарағанымда, жұлдыздар ұшып келе жатқандай болды. Келе жатқанын көріп, жатып үлгердім, – деді Лаура Нұрғалиева.

Барлық жаңалықтар