00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Атылған оқтың астында қалдым»: Сағынтаев өзіне жасалған шабуыл жайлы айтып берді

24.02.2023 | 21:30
Елорда ақпарат
54

Мен әріптестеріммен бірге атылған оқтың астында қалдым, олар менің келе жатқанымды білген. Арнайы жасақ күштері алаңды, кейін әкімдік ғимаратын тазартты. Осы сәтте мен әріптестеріммен әкімдікке бет алдым. Олар менің жолға шыққанымды, қай жолмен жүретінімді және қай жерден бұрылатыныма дейін білген. Олар бізді қарсы алды. Қараңғы болғандықтан қандай көлік екенін аңғару қиын, қара джип біз әл-Фараби даңғылынан Назарбаев көшесіне бұрылғанда қарсы алды. Жүргізуші қарсы алғандар біздің адамдар деп ойлап артынан жүріп отырды. Олар бізді бұрылыстан ары алып өтті. Біз бұрылыстан өтіп кеттік қой деп жатқан сәтте автоматтан оқ атылды, – дейді Сағынтаев.

Оның айтуынша, көлікке жан-жақтан тоқтаусыз оқ атылған.

Жүргізушінің кәсібилігінің арқасында біз құтылып кеттік. Ол жараланды, дегенмен бізді алып шықты, – дейді әкім.

Сондай-ақ ол қаскөйлер арттарынан қуып, атқылағандарын айтты.

Біз бірнеше көлікпен жүрдік. Олар бізге шабуылды үдете түсті, бұл кезде қалған көліктер жан-жаққа қашты. Мен штабтан шығып, осылай қарай барғаным жайлы ақпаратты олар қайдан білді?, – дейді әкім.

Ол қарапайым шерушілер мұндай мәліметті білмегеніне сенімді.

Барлық жаңалықтар