00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жеңіс Қасымбек астаналық шахматшыларға сертификат табыстады

18.09.2023 | 03:30
55
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек шахматтан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған астаналық спортшыларға сертификат табыстады, деп хабарлады Elorda.info.

Польшада шахматтан өткен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет күміс жүлдегер атанды. Спортшылар арасында елорда тұрғындары да бар. Олар – Меруерт Камалиденова мен Амина Қайырбекова.

Жаттықтырушыға, спортшыларға және олардың ата-аналарына алғысымды білдіремін. Бұл шыңды бағындыру – жаңа биіктерді бағындырудың бастамасы екеніне сенімдімін. Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер мектептері мен федерацияларға қолдау көрсетуді ары қарай жалғастырамыз, - деп жазды елорда әкімі.

2d5d9d72-b300-48c8-8bfc-91038d96b072.jpg

Барлық жаңалықтар