00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

World Indoor Tour Gold: Жеңіл атлетика турнирінің жеңімпаздары анықталды

27.01.2024 | 13:31
79
фото: дереккөзден

Астана қаласында алғаш рет өткен Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info 

Турнирге әлемнің 45 елінен 136 спортшы қатысты. Олардың қатарында 4 Олимпиада чемпионы, 10 Әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы және 2 қазіргі Әлем рекордсмені бар.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған спортшылар көктемде Глазгода (Шотландия) өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. 

ари ппп.jpg

Ерлер арасында:

Сырықпен секіру

1- орын Арманд Дуплантис (Швеция) — 5.80 метр

Ядро лақтыру

1- орын Скотт Линкольн (Ұлыбритания) — 20.81 метр

60 м жүгіру

1- орын Демек Кемп (АҚШ) — 6,55 секунд 

60 м кедергілермен жүгіру

 Жунхю Лю (Қытай) — 7.58 секунд 

400 м жүгіру

1- орын  Инаки Канал (Испания) — 46.36 секунд 

3000 м жүгіру

1- орын Самуэл Тефера (Эфиопия) — 7:33.80

Астана қаласында бәсекеде 5.80 метр биіктікке секіріп, 1-орын алсам да, көрсеткішіме көңілім толмайды. Неге? Ұзақ уақыт ұшақпен ұшу, уақыт айырмашылығы, ағзамның дер кезінде бейімделмеуі үздік көрсеткішті тіркеуіме кедергі келтірді. Алдағы уақытта елордада тағы да осындай ірі жарыс болса, келуге тырысамын, — деп жабық кешендегі жеңіл атлетикадан соңғы әлем рекордын жаңартқан Арманд Дуплантис жарыс жайлы ойымен бөлісті. 

аримм.jpg

Әйелдер арасында:

Биіктікке секіру

1- орын  Урте Байкстайт (Швеция) — 1.92 метр

Ұзындыққа секіру

 1- орын. Милиса Гардасевич (Сербия) — 6.45 метр 

60 м жүгіру

1- орын Антоник Страчан (Багам аралы) — 7.21 секунд 

60 м кедергілермен жүгіру. 

1- орынТоби Амусан (Нигерия) — 7.77 секунд 

400 м жүгіру

1- орын Катиа Азеведо (Португалия) — 52.64 секунд 

1 миль (1,6 км) жүгіру

1- орын Дирибе Уелтежи (Эфиопия) — 4:23.76

Қазақстан сапынан ең үздік көрсеткішті биіктікке секіруден жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая (2-орын) 1,90 метрмен көрсетті.

2024 жылдағы бастапқы жарыстарымның бірі. Былтырғы нәтижемен салыстырған көрсеткішім әлдеқайда жақсы. 

Елімізде «алтын» деңгейлі турнирдің өткені өте жақсы. Шынымды айтсам, көп көрермен жиналады деп ойламадым. Маған ғана емес, еліміздің жас спортшылары әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен бірге бақ сынау олардың нәтиже, ынталарын күшейтетіні анық. 

1 аптадан соң, Астана қаласында кезекті ел чемпионаты басталады. Артынша көктемде Шотландиядағы әлем чемпионатына дайындыққа кірісемін», — деді Надежда Дубовицкая.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар