00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«SAMRUK BALA CUP – 2023»: Елордалық шайбалы хоккей командасы чемпион атанды

15.12.2023 | 04:45
73
Фото: Спорт комитетінен

«SAMRUK BALA CUP – 2023» балалар командалары арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Спорт іс-шара 11-14 желтоқсан аралығында Астанада 300 баланың қатысуымен өтіп, ел тарихындағы балалар арасындағы ең ауқымды хоккей жарыстарының біріне айналды. Жарыста 8 өңірден 24 команда, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан командалар өнер көрсетті.  

Төрт күннің қорытындысы бойынша республикалық турнирдің чемпионы болып «Астана-1» командасы танылды. Екінші орынды «Барыс-1» тобы иеленсе, турнирдің қола жүлдегері болып «Барыс-2» командасы атанды. Турнирдің барлық қатысушылары мен жеңімпаздарына медальдар және кубоктармен марапатталды.

Бұл турнир «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыратын «Altyn shaibaly» жобасы аясындағы алғашқы балалар хоккей жарысы. 2024 жылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен ауыл балаларының командалары арасындағы екі ауқымды балалар хоккей жарысын ұйымдастыру жоспарда бар.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар