00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Брейкинг пен скейтбординг: Олимпиадалық киім үлгісі анықталды

31.07.2023 | 05:30
41
Фото: дереккөз

Париж Олимпиадасына жаңадан қосылған брейк және скейтбординг спортынан еліміздегі спортшыларға арналған киім үлгісі сайысы мәресіне жетті деп, хабарлады Elorda.info сайты. 

1,5 жарым айға созылған дизайнерлердің жарысында 30-дан астам қатысушы бақ сынап, оның сегізі финалдық кезеңге өтті. 

1. Анара Сейітжан (Астана қаласы)

2. Мәдина Ашықбаева (Атырау қаласы)

3. Самат Джулумов (Орал қаласы)

4. Ольга Питерскова (Орал қаласы)

5. Марина Стригун (Атбасар қаласы)

6. Балнұр Ахметқазиева (Астана қаласы)

7. Ерлан Оспанов (Қарағанды қаласы)

8. Алтынбек Ермұханов (Астана қаласы)

Байқау ережесі бойынша төрешілер бір жеңімпазды анықтап, 1 млн теңге сыйақы беріледі деп шелілген.  

Алайда 28 шілде күні өткен гала-шоуда бір емес, үш бірдей жеңімпаз анықталды: Ольга Питерскова (Орал қаласы), Марина Стригун (Атбасар қаласы), Ерлан Оспанов (Қарағанды қаласы). 

Олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден сыйлық берілді. 

DSC01696-Улучшено-Ум. шума.jpg

Неге байқауда үш жеңімпаз болды?  Брейкинг федерациясының атқарушы директоры Бауыржан Сейфуллинненнің айтуынша, жеңімпаз болған үш спортшының да өзіндік ерекшеліктері бар. 

Дизайнерлер сайысында үш жеңімпаздың да өздерінің мықты тұстары бар. Мысалы, Ерлан 20 жылдан бері брейкинг спортымен айналысып келеді. Дизайнер болмаса да, спортшыға қандай киім қолайлы болатындығын толыққанды білді. Ал Марина бұған дейін де бірнеше дизайнерлік байқауларда жеңіске жетті. Оның тәжірибесі мен әр спортта өзіндік ерекшелікті байқай алатын қасиеті бар. Ольга қазақи орнаменттерді киімнің қай жеріне қою керектігін мықты меңгерген. Осы орайда біз үш мықты маманның басын қосып, Париж Олимпиадасында өзгелерден ұялмайтындай киім үлгісін жасауға шешім қабылдадық, - деп жауап берді.

Олимпиада ойындарына кіретін спорт түрлерінен 2021 жылдан бері өткізілген әлем чемпионатында брейкингтен Амир Закиров қола жүлдегер атанған. Яғни, мамандар бұл жаңа спорт түрінен Париж Олимпиадасында жүлде күтеді деген сөз. 

Кәсіби дизайнер болмаса да, Ерлан Оспанов  өзгелерді қалай шаң қаптырды? 

Байқау басталған сәтте ұйымдастырушылар маған да «Бақ сынап көр» деді. 20 жыл бойы осы спортта жүрген соң, осыған дейін ойда жүрген қиялымды жүзеге асырдым. Менің дизайным өзгелер сияқты көз тартатындай түсте емес. Қарапайым ғана қара түсті қолдандым. Бірақ спортшылар дәл менің киімімді «Өте ыңғайлы» деп жоғары баға берді. Жеңімпаз болғаныма, отандық брейкингтің киім үлгісіне сәл де болса үлес қосқаныма қуаныштымын. Идеямды қолдаған жұбайыма, достарыма деген алғысым шексіз! - деді спортшы-дизайнер.   

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар