00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

01.04.2023 | 00:59
Елорда ақпарат
22

Халықаралық турнир 31 наурыз және 2 сәуір аралығында өтеді. Ұлттық құраманың бапкерлері турнирде сынға түсетін спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс барысында ерлерде Нұрқанат Серікбаев, Шерзод Давлатов (60 келі), Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев, Дархан Қойбағаров (73 келі), Руслан Мұсаев, Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Айдар Арапов, Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары) бақ сынайды.

Ал әйелдерде Ғалия Тынбаева (48 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Роза Нысантаева (70 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Жарыстың финалдық кездесуін «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Барлық жаңалықтар