00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Атырауда құсбегіліктен ересектер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

31.03.2023 | 23:26
Елорда ақпарат
44

Атырау облысында құсбегіліктен ересектер арасында XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Спорттық іс-шара 26 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info

Жарысқа еліміздің 14 облысынан 50-ге жуық спортшы қатысуға ниет білдірген. Чемпионаттың регламенті бойынша 31 бүркіт, 11 қаршыға, 10 ителгі бәсекеге түсті. Чемпионатқа қатысуға Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Атырау, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының спортшылары ниет білдірді.

Осылайша чемпионаттың алғашқы күні «Қолға қондыру» сайысының қорытындысы бойынша 18 бүркіт келесі айналымға өтті. Қатысушылардың айтуынша, құстардың көрсеткен нәтижелеріне өңірде орын алған ауа райы да өз әсерін тигізген. Айта кетерлігі, чемпионаттың ережесіне сәйкес тікелей иесінің қолына қонған бүркіт қана максималды 10 ұпайды еншілейді. 

Осы ретте ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, қазылар алқасының шешімі бойынша 9 ұпайды еншілеген қатысушылар да келесі айналымға өтті. 

Ал «Шырғаға салу» сайысында 18 бүркіт екінші кезеңге өтті. Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Абай, Қарағанды, Атырау облыстары мен Астана қаласының спортшылары жартылай финалға жолдама алды. Жарыстың екінші күні, яғни бүгін құстар «Қоянға салу» сайысында бәсекеге түсетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, құсбегілік ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен ұлттық спорт түрі ретінде танылған сәттен бастап 7 мемлекеттің қатысуымен 1 рет әлем чемпионаты, 2 рет Азия чемпионаты (5 мемлекет), 40-қа жуық халықаралық турнир мен 15 рет Қазақстан Республикасының чемпионаттары ұйымдастырылды. Аталған спорт түрі Астана, Алматы қалаларында және еліміздің басқа да өңірлерінде тұрақты дамып келеді.

Барлық жаңалықтар