00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әлемдік рейтинг: Қазақстандық теннисшілер нешінші орында

31.03.2023 | 20:23
Айман Нығмет
46

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жария еткеніндей, қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өздерінің сәйкесінше 22-інші және 52-орнын сақтап қалды.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 11-сатыда қалса, Жібек Құламбаева 204-тен 203-ке көтерілді.

Ерлер арасында кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-орнында бекісе, Тимофей Скатов 142-ден 146-ға сырғыды.

Жұптық сында Андрей Голубев 48-ден 47-ге жоғарыласа, Александр Недовесов 53-те қалды, А.Бублик 172-ден 173-ке төмендеді.

Барлық жаңалықтар