00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингте позициялары жоғарылады

31.03.2023 | 18:36
Айман Нығмет
38

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, әйелдер арасында жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, 24-орынға жайғасты.

Юлия Путинцева енді әлемдік рейтингіде 55-ші, Зарина Дияс 499-шы орында тұр.

Жұптық разрядта Анна Данилина өзінің жеке рекордын қайталап, 19-шы орынға көтерілді. Жібек Құламбаева да өз позициясын жақсартып, 186-ыншы болды.

Барлық жаңалықтар