00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақ футболшысы Еуропа чемпионатының сұрмергені атанды

24.02.2023 | 23:32
Елорда ақпарат
44

Ұлттық құрама ойыншысы Біржан Оразов аталған турнирдің «Ең үздік сұрмергені» атанды. Ол төрт ойында 7 гол салып, 2 нәтижелі пас берді Топтық кезеңде Словенияға 1 гол; Финляндияға 2 гол; Италияға 2 гол және 1\4 кезеңде Украинаға 2 гол салды. Ал екі пастың біреуін топтық кезеңде финдермен ойында Арнольд Кнаубқа, ал екіншісін Украинамен өткен ойында Дугласқа шығарды. 

Мергендер тізімінде ресейлік Антошкин, Чишкала, Соколов сынды футзалшылар 5 голдан салып, екінші орынға жайғасты.

Қазақстан ұлттық құрамасы ширек финалда Украинаға есе жіберген еді. Бірақ ойыншыларымыз жарыстан жүлдесіз қайтпады.

Сонымен қатар Жуниор Дуглас «Үздік ассистенттер» арасында Сергей Абрамов (Ресей), Серхио Лосаномен (Испания) бірге бірінші орынды бөлісіп тұр.

Финалдық ойында португалдықтар Ресей құрамасынан 4:2 есебімен басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Португалия құрамасы 2018 жылы Еуропа чемпионы атанса, 2021 жылы әлем чемпионы атанды.

Барлық жаңалықтар