00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алмады

24.02.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
53

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде тамаша ойын көрсеткен Қазақстан құрамасы ширек финалда сүрінді. Біздің құрама тағы да толық құраммен ойнай алмады. Өткен ойында екінші сары қағаздарын алған Тайнан мен Эдсон шешуші сында алаңға шыққан жоқ. Шабуылшы Азат Валиллуин бұлшық ет жарақатымен ойынға араласты. Шыңғыс Есенаманов бір апта карантин болып, жаттығу жасай алмады.  

Бірінші таймда төреші белгілеген пенальтиден Украина құрамасы есеп ашты. Рикардо Кака шәкірттері алға бірнеше рет ұмтылғанымен шабуылды түйіндей алмады. Үзілістен соң Қазақстан құрамасы тәуекелге барып, қақпаны жиі бос қалдырды. Қарсылас ең алдымен қарымта шабуылда есепті еселесе, үшінші голды бос тұрған қақпаға енгізді. Ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Дуглас пен Оразов есеп айырмасын қысқартты. Таразы басын теңестіруге бар болғаны бір минут қалған еді. Алайда, ойыншылардың асығыстығы мен қарсыластың қайсарлығынан бос тұрған қақпамызға тағы екі гол енді. Қорытындысы есеп – 3:5. Қазақстан құрамасы үшін Еуропа чемпионаты аяқталды. 

Қазақстан – Украина – 3:5 (0:1)

Голдар: Шотурма 15 (0:1), Корсун 25 (0:2), Зварич 30 (0:3), Дуглас 34 (1:3), Оразов 38 (2:3), Разуванов 39 (2:4), Лебедь 39 (2:5), Оразов 40 (3:5)   

Барлық жаңалықтар