00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еуро-2022: Ширек финалға шыққан барлық құрама анықталды

24.02.2023 | 22:53
Елорда ақпарат
44

С тобында Ресей Польшаны 5:1, Словакия Хорватияны 5:3 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде аталған топтан Ресей 9, Словакия 4 ұпаймен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

D тобында Әзербайжан Босния және Герцоговинаны 4:2, Испания Грузияны 7:0 есебімен жеңді. Бұл топта Испания 7, Грузия 6 ұпаймен ширек финалға шықты.

Ал 28 қаңтарда А және В топтарында Қазақстан мен Финляндия, Португалия мен Украина жарыстың аталған сатысына жолдама алды.

Ширек финалда құрамалар төмендегіше жұп құрады: 31 қаңтар Португалия мен Финляндия, Қазақстан мен Украина, 1 ақпан Испания мен Словакия, Ресей мен Грузия. Жартылай финал ойындары 4 ақпанға белгіленген.

Ал 6 ақпанда финал мен 3-орын үшін ойындар болады. Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бүгінге дейін Испания – 7, Италия – 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.

Барлық жаңалықтар