00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанды жеңді

24.02.2023 | 20:04
Елорда ақпарат
45

Ойынның алғашқы таймы тең аяқталды. Қазақстан құрамасының ойыншылары бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп аша алмады. Ұлттық құрама сапында алғаш рет ойнаған жас өрен Ғазиз Нағашыбайдың да есеп ашатын мүмкіндігі болды. 

Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб есеп ашты. Сәлден соң Дуглас есепті еселей түсті - 2:0.

Өзбекстан құрамасы матч соңына қарай алаңға бесінші ойыншыны шығарып, есеп айырмасын қысқартты. Ойынның соңғы секундтарында Қазақстан құрамасының капитаны Игита ұлттық құрама сапындағы мерейтойлы оныншы голын соғып, аренаға жиналған халықты қуантып тастады. 

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары екінші рет кездеседі. 

Қазақстан – Өзбекстан 3:1 (0:0)

Голдар: Кнауб 22, Дуглас 22, Игита 40 – Хамроев 39;

Қазақстан: Игита (к), Атантаев – Дуглас, Кнауб, Есенаманов, Ақбалықов, Қарағұлов, Нағашыбай, Сағындықов, Оразов, Тоқаев, Сарбасов, Төреғазин;

Өзбекстан: Умаров (к), Элибаев – Ропиев, Хамроев, Нишонов, Чориев, А.Рахматов, Одилов, Д.Рахматов, Тулкинов, Усманов, Солихов, Ибрагимов;

Барлық жаңалықтар