00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары футзалдан жолдастық кездесу өткізеді

24.02.2023 | 19:08
Елорда ақпарат
23

Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді. Қос кездесу де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады. 

Билет құны әр ойынға – 1000 және 2000 теңге. 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін! Билеттерді тек zakazbiletov.kz сайтында онлайн сатып алуға болады. Арена кассаларында билеттер сатылмайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына жиналатын жанкүйерлердің саны 50 пайыздан аспайды. Әр ойынға сатылымға шыққан билеттердің саны – 1 300. 

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасының «жасыл белгісімен» ғана кіруге болады, сондай-ақ барлық санитариялық нормаларды (маска және әлеуметтік қашықтық) сақтай отырып жүзеге асырылады.

Барлық жаңалықтар