00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Қайрат» чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

24.02.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
20

Бұл матчты алматылық клуб топтағы соңғы орынмен бастады. Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңіне шығу үшін «Қайратқа» тек жеңіс қажет болды. Жеңген жағдайда топтан бірінші орын алады, тең түссе не жеңілсе, жарысты соңғы орынмен аяқтайды. 

Кездесу «Қайрат» үшін сәтсіз басталды. Италиялықтар сапында Фелипе Тонидандел есеп ашып, алматылық клубтың келесі кезеңге шығуы алыстай түскен. Бірақ Дәурен Тұрсағұловтың дублі алматылықтарға жеңісті жұлып алуға көмектесті.

Алайда кейін «Пезаро» есепті теңестіріп, тағы да жағдайды қиындатты. Әйтсе де, италиялықтар қуанып үлгерген жоқ. Бірден Диего алматылықтардың үшінші голын соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» бес ұпай жинап, топта бірінші орын алды. Төрт ұпайы бар «Пльзень» мен «Тюмень» де Элиталық кезеңге жолдама алды. Ал үш ұпай еншілеген «Пезаро» соңғы орын алып, Чемпиондар лигасымен қоштасты.  

Барлық жаңалықтар