00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық футболшылар ел чемпионатын жеңіп алды

24.02.2023 | 16:47
Елорда ақпарат
27

2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласының №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болды. Турнирдің финалдық кезеңі Павлодарда өтті. Шымкенттік "Мақтаарал" командасымен өткен шешуші матчта елордалық футболшылар 0:8 есебімен жеңіске жетіп, жалпы ұпай саны бойынша қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, алға шықты.

Сондай-ақ, турнир қорытындысы бойынша екі елордалық спортшы Қазақстан футбол федерациясының арнайы жүлдесіне ие болды: Саят Әуесхан "Үздік шабуылшы", Сұлтан Ақылбеков "Турнирдің үздік ойыншысы".

2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы чемпионатта елорда құрамасы күміс медальға ие болды. Батыхан Камарадинов "Үздік шабуылшы", ал Әділжан Қазиханов "Үздік қақпашы"деп танылды.

Ал 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында елордалық футболшылар үшінші болды, Имран Тулақбаев осы жас санатында турнирдің "Үздік қақпашысы" атанды.

Барлық жаңалықтар