00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық теннисші Лиссабон турнирінің чемпионы атанды

24.02.2023 | 15:27
Елорда ақпарат
44

Дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда италиялық Андреа Пеллегриноны 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Екі сағатқа жуық созылған матч барысында Попко 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейктен аса алмады. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бұған дейін Д.Попко екі мәрте осындай доданың финалында өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді. Сөйтіп өз спорттық жолында челлендж турнирлеріндегі бірінші табысына қол жеткізіп отыр. Португалиядағы жарыстың қорытындысына сәйкес Д.Попко ATP рейтингісінде 164-орынға көтеріледі. Бұл оның үздік көрсеткіші болмақ.

Барлық жаңалықтар