00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Енем ренжіп қалады деп...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт үшін өмір сүрмейтінін айтты (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:04
Елорда ақпарат
45

Жұрт үшін өмір сүретін жер бетіндегі халық тек біз бе екен? Америкалықтарды, қытайлықтарды, кәрістерді көршісінің ойы, құдасының досының інісінің көңілі ойландыра ма екен?

Біреудің сіз туралы жаман ойына қайғырмас бұрын ойланыңыз, өзіңізден сұраңыз. Сіздің өміріңіздің мәні – өзгенің ойынан шығу мен өзге қалайтындай етіп өмір сүру ме? –  деп жазды ол instagram-парақшасында. 

Оқи отырыңыз: ”Махаббат жасқа қарамайды”: Сиви Махмуди тағы тұрмыс құра ма?

Сол-ақ екен, Әбдікәрімованың бұл жазбасы қызу талқыға түсті.

«Ойбай ондай сұрақ қойма, ертен ел естісе не дейді, ұят болады», «Сол миыңа қалыптасқан жақсы. Жақсы жағына өзгеріп жаман жағынан арыласын. Тек алға ұмтыласып жұртан қалмайық деп жұрт сөйлемесін деп. Жұрттын барына шүкір», «Бізде қазақта әсіресе келіндерге қиын ғой, қайын жұрт не дейді, енем ренжіп қалады, атам тырысып қалады, қайын апам жақтырмай қалады деп өмірі жалтақтап жүру керек, ал оны істемесең жақпайсың, көргенсіз, тәрбие көрмеген деп шығады, өз ойыңды айтсаң, ойбай, келін бетіме келді, тілі шығыпты дейді», «Атам қазақ баласын ҰЯТ деген үш әріппен тәрбиелеген! Өлімнен ұятты жоғары қойған! Әрі қарай арыңды, намысыңды жаныған!» - деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалықтар