00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Өткен аптада елімізде қанша төтенше жағдай тіркелді?

31.07.2023 | 16:00
65
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Өткен аптада елімізде 257 төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оның 49-ы табиғи сипаттағы, 208-і - техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар. 

Құтқарушылар ТЖ орнына 2 230 рет шықты. 174 адам құтқарылса (42-сі бала), 192 адам (48-і бала) эвакуацияланды.  

Бір апта ішінде елімізде 267 өрт, 1137 жану, 438 авариялық құтқару, 48 іздеу-құтқару, 210 басқа төтенше жағдайлар жұмыстары жүргізілді. 

112 құтқару қызметіне 161 986 қоңырау келіп түсіп, 145 дауылды ескерту жіберілді. 

Барлық жаңалықтар