00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түркістан облысында құс атамын деп жасөспірімді ажал құштырды

09.07.2023 | 12:30
67
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 8 шілде күні кешкісін болған. Тергеу кезінде анықталғандай Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.

358e91ca-3157-4f36-813f-6abcb703bcd9.jpg

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар