00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түркістан облысында күдіктілер оқушы қызды қалай өлтіргендерін айтып берді

21.04.2023 | 13:00
67
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын пышақтап, денесін арыққа тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

КТК телеарнасының мәліметінше, Төрткүл ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған. Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты. Бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген. Олар қылмысты қалай жасағандарын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсеткен.

Күдіктілер өз кінәларын мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда олар қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігімен «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар