00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шахтадағы апат: Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады

28.10.2023 | 05:11
55
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Elorda.info ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі).

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді, – деп жазды бақылаушы органнан.

Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.

Барлық жаңалықтар