00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Үш айда 12 адамды сарышаян шаққан

05.04.2023 | 18:20
69
фото: taulik.kz

Шымкент қалалық токсикология бөлімі биылғы үш ай ішінде сарышаян шағып алған 12 адамның медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады, деп хабарлады Elorda.info Otyrar.kz сілтеме жасап.  

Мамандар қала тұрғындарын сақ болуға шақырады. Сарышаяндар жеке үйлерді, қараңғы жерлерді мекендейді. 

Әсіресе, олар қан қысымы, жүрек ауруы бар адамдарға және кішкентай балаларға қауіп төндіреді. Егер сарышаян шағып алса, онда ауырсынуды басатын дәрі ішу керек. Сарышаян шаққан жерге сұйылтылған жартылай алкогольді компресс басып, қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет, - деді дәрігер-токсиколог Марат Какенов.

Дәрігерлердің сөзінше, жаздың аптап ыстық күндері медициналық көмекке жүгінушілер саны көп болады. Былтыр қалалық токсикология бөлімінде 75 адам емделді, тағы 258 адам амбулаториялық көмек алды.

 

Барлық жаңалықтар