00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Павлодардағы өрт 850 га аумақты шарпыды

16.07.2023 | 13:00
52
Фото: дереккөз

Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МТОР ММ аумағында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады  Elorda.info 

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Өрттің ауданы шамамен 850 га құрайды

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 329 адам, 101 бірлік техника (ТЖМ 161 адам ж/қ, оның ішінде Павлодар облысының ТЖД 40 адам ж/қ; 24 бірлік техника, Астана қ. ТЖД 67 адам ж/қ, 15 бірлік техника, Қарағанды қ. ТЖД 33 адам ж/қ және 6 бірлік техника, ШҚО ТЖД 21 адам ж/қ және 5 бірлік техника; «Ертіс орманы» 32 бірлік техника, 130 адам, ПД 4 бірлік техника және 8 адам ж/қ, ЖАО 26 адам және 13 бірлік техника, Қазақстан Алюминийі 4 адам ж/қ және 2 бірлік техника) және 2 борт (МИ-8 және ТЖМ Еврокоптер) жұмылдырылды,- делінген облыстық әкімдік берген мәліметте.

Сонымен қатар бүгін таңертеңгісін көмекке Семей қаласынан Қорғаныс Министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары келген. 

Өрттің белсенді фазасы Бауыртал орманшылығының 98 кварталында, онда өрт кей жерлерде төменнен жоғарыға ауысып тұр.

Жұмылдырылған ресурстармен өртті қайта болдырмау мақсатында өрттің шоқтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ,- деп жазды жергілікті биліктің ресми сайты.

Барлық жаңалықтар