00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әлеуметтік желіде тараған қауіпті ойын туралы министрлік түсініктеме берді

01.11.2023 | 16:00
56
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің Ішкі істер министрлігі  балалар үшін қауіпті  «Жүгір немесе өлесің» ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасап

Әлеуметтік желілерде "Жүгір немесе өлесің" сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылуда.

Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ. Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 200-ден астам бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алды. Бұл балалар жолаушы немесе жаяу жүргінші болған, -деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушы кішкентай балаларды осындай абайсыз әрекеттерден қорғауға және барлығын жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.

Барлық жаңалықтар