00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Интернеттегі есірткі қылмысын ашудың заманауи әдісі енгізілді

28.09.2023 | 03:30
76
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолдануды жолға қойды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Соңғы кезде ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуымен қатар қылмыс түрлері де өзгерді.  

Осы мақсатта интернет кеңістігінде есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі отандық компаниялардың бірімен заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер мен ілеспе техникалық жабдықтарды сатып алуға шарт жасасты. Қыркүйек айында бағдарламаны қызметте пайдалану бойынша полицейлер арасында семинар-тренинг өткізілді. Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімшелерінен арнайы 21 ІТ-маман оқытылды. 

Қолданысқа енгізілген аппараттық-бағдарламалық кешендер нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде бөлінген қаржыландыру есебінен сатып алынған. Бағдарламалық кешендердің қуаты ақпараттың едәуір көлемін өңдеуге және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдар арасындағы тікелей және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді,-деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов

Айта кетейік, жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткіні жарнамалау фактілері бойынша 51 сотқа дейінгі іс жүргізуді, есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін 288 қылмыстық істі тіркеді. Есірткі тарататын 1,5 мың сайт бұғатталды.

Барлық жаңалықтар