00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық жас қыз 12-қабаттан құлап кетті

11.04.2023 | 12:14
46
Фото: ашық дереккөз

Астанада жергілікті тұрғын «Мирадж» ТК-ның 12-қабатынан құлады, деп хабарлады Elorda.info

Қыздың 12-қабаттан құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Елордалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

Осы жылдың 10 сәуірінде сағат 13:05-те «102» каналына Қ.Мұхамедханов көшесіндегі үйдің ауласында қыздың биіктен құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар