00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық сот орындаушылары 5 млн теңге жымқырған

11.10.2023 | 09:00
76
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше, екі жеке сот орындаушысы қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген.

Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған.

Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шотынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қажетіне жұмсаған.

Жалпы олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған.

Бүгінде прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. 

Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген прокуратураның ақпаратында.

Барлық жаңалықтар