00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада балабақшадан өрт шықты

02.05.2023 | 18:02
50
Фото: дереккөз

Астана қаласында балабақшалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

ююю.jpeg

2 мамыр күні сағат 15:29-да Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Хлудов көшесі, 1 мекенжайында балабақша өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу адамдарды іздеуге кірісті. Балабақша әкімшілігінің айтуынша, барлық баланы өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуациялаған, - делінген хабарламада.

ююю1.jpeg

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

Барлық жаңалықтар