00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Азаматтардың 15 млн теңгесін жымқырған шетелдік Алматыда ұсталды

22.09.2023 | 15:00
56
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының полицейлері қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған ресейлік азаматты Алматы қаласынан ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz.сайтының жазуынша,  Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны арызбен шағымданған. Белгілі болғандай, жәбірленушіге белгісіз біреу банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз деп алдаған. Кейін, белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажеттігін ескерткен. Осы әңгіменің соңында жәбірленуші алаяқтарға 5,2 млн теңгеден астам қаражат жіберген.  Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматы қаласынан 22 жастағы Ресей Федерациясының азаматы күдікті ретінде ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты өзге бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Жалпы, келтірілген шығын көлемі 15 млн теңге, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. 

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Барлық жаңалықтар