00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық азамат 10 млн теңгесін инвестицияға салып, алданып қалды

26.10.2023 | 12:00
51
Фото: дереккөз

Астана тұрғыны полиция басқармасына арызданып, алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан, деп хабарлады Elorda.info

Жәбірленушінің айтуынша, ол таңертең сауда үйінің автотұрағында таныс әйелге 10 млн теңге берген. Белгілі болғандай таныс әйел өзін желілік маркетинг бойынша кеңесші ретінде көрсете отырып, кейіннен жоғары пайда түсетініне сендіріп, ақшаны инвестициялауға көндірген. Астаналық тұрғын жоғары төлемдерді күтпестен, сенімсіздік танытып, полицияға жүгінуге мәжбүр болған. 

Жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 38 жастағы әйел анықталды. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Аталған азаматша алған ақшасын ысырап етіп, керегіне жұмсап үлгергені де белгілі болды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас фактілерге қатыстылығы анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар