00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадағы «Хан шатыр» аумағында бірнеше жарылыс болды (ВИДЕО)

23.05.2023 | 18:04
43
Фото: видеодан скриншот

Астаналықтар «Хан шатыр» сауда ойын-сауық үйі ауданында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй аумағында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлады Elorda.info.

Сол маңдағы тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын сағат 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Мұхаметханов көшесі, 4 В мекен жайында салынып жатқан көп қабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Сағат 16:28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекен жайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты, - деп хабарлады ТЖД.

Өрт салдарынан екі адам зардап шекті.

«103» бригадасы оларды тексерді. Зардап шеккендердің бірі - 1991 жылы туған ер адамның қолын 2% күйік шалған, ал 1992 жылы туған екінші ер адамның бетін 1% күйік шалды. 

Тексеруден кейін олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Өртті сөндіруге 19 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар