00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада құрылысы бітпеген тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)

11.05.2023 | 15:58
45
Фото: видеодан скриншот

Астанада өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үйден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

11 мамыр күні сағат 15.01 шамасында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелеріне Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында жаңа ғимараттан қара түтін көрінгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум және сыртқы қаптаманың жанып жатқанын анықтады, - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, өрт сағат 15.17-де оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ.

Барлық жаңалықтар