00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана маңындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр

20.06.2023 | 12:02
41
Фото: Сұлтан Сейіт

Елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасындағы қураған шөп пен қамыстың өртенуін сөндіруде екінші тәулік күрес жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер құрғақ шөптің бықсыған жерлерін жекелеген ошақтарын сөндіруде.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елорда маңындағы төтенше жағдай орнына барып, өртті тез арада сөндіру үшін күштер мен құралдар топтамасын тиімді жұмылдырылуын, ТЖМ Казавиақұтқару авиатехникасын қосымша тартуды тапсырды. 

Қазіргі уақытта өрт сөндіруге Қазавиақұтқару су ағызу құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылып, бүгін таңертеңнен бастап өрт ошақтарына әуеден 17 рет 51 тонна су төкті. Өрт басталғалы бері барлығы Қорғаныс министрлігінің және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 59 рет 198 тонна су төкті, - делінген Астана қаласы ТЖД хабарламасында.

Өрт сөндіру орнында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылды.

Астана қаласының әкімдігі және де өз еріктерімен «Клуб добряков» еріктілер командасы елордалық өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз етті.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан ережелерді сақтауға кеңес береді. 

Барлық жаңалықтар