00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматыда тауда адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы аман-есен табылды

09.06.2023 | 21:30
48
Фото: Zakon.kz

Алматыдағы «Волчья гора» шыңында адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы табылды, деп хабарлады Elorda.info

Алматы Құтқару қызметінің мәліметінше, кеше, сағат 21:37-де 109 пультіне 1968 жылы туған Г. есімді Грекия азаматы «Волчья гораға» қарай жолға шығып, сол күйі оралмағаны жайлы хабар келіп түскен. 

Ол туралы турист тұрақтаған хостелдің иесі хабарлады. Оның айтуынша, туристен телефонына орналасқан жері мен «қайтар жолдан адасқаны» жайлы хабарлама келіп түскен. Ол хатта тым қараңғы болғандықтан және арнайы жарық құралдарының болмауы себепті жолды жалғастыра алмайтындығын да жазған, - делінген құтқару қызметі таратқан хабарламада. 

Құтқарушылар соңғы геомәлімет бойынша іздестіру жұмыстарын бастаған. 

Түнгі сағат 01:11-де жоғалға азаматты тауып, таудан түсіру жұмыстары басталды. Турист дін аман, медициналық көмек қажет болмады, - деді Алматы Құтқару қызметі өкілдері. 

Барлық жаңалықтар