00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматы тауларында ресейлік туристің денесі табылды

09.08.2023 | 11:00
60
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін Алматы тауларындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды, деп табылады Elorda.info

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, марқұмның төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист екені анықталды. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.

Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.

Денесі табылған ер адамның жеке басының деректері анықталуда.

Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.

Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі мына ережелерді ұстануға шақырады:

-Тауға жалғыз шықпаңыздар;

-Туыстарыңызға баратын бағытыңыз бен шамамен қайтып оралатын уақытыңыз туралы ескертіңіздер;

-Ашық түсті киім киіңіздер;

-Өзіңізбен бірге өңірдің картасын, компасты, GPS навигаторын, байланыс құралдарын, алғашқы көмек жинағын алыңыздар.

-Егер сіз адасып қалсаңыз, құтқарушыларға бұл туралы хабарлап, оларға тұрған жеріңіз бойынша ақпаратты беру қажет. Егер байланыс болмаса, сізге ашық жерге тұрып, құтқарушыларға сигнал беру керек: қараңғы уақытта от жағып, күндізгі уақытта ашық түсті киімдерді мүмкіндігінше жоғары іліп қойыңыздар;

-Түнде, әсіресе қыс мезгілінде ұйықтамаған жөн, өйткені гипотермия алу ықтималдығы жоғары;

-Өздеріңізге қамқор болыңыздар;

-Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз маңызды. 

Барлық жаңалықтар