00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ақтөбеде көпқабатты үй өртеніп, 44 адам эвакуацияланды

13.08.2023 | 11:00
45
Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Ақтөбе қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болды, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылған. 

Сонымен қатар баспалдақпен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10-ы бала.

Өрт сағат 13.47-де жойылды. Өрт аумағы 20 шаршы метрді шарпыды, - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД 26 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар