00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ақмола облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысып, 3 адам қаза тапты

31.03.2023 | 23:10
Елорда ақпарат
36

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза болды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

20 ақпанда Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны тізгіндеген Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы қаза болды: 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала Минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржолдан өткені анықталды, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар