00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорда тұрғыны пойызда 7 млн теңгеге жуық ақшасын ұмытып кеткен

31.03.2023 | 22:42
Айман Нығмет
37

Астананың 43 жастағы тұрғыны Есіл станциясындағы полицияның желілік бөлімшесіне көмек сұрап жүгінді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам 4 млн теңге және 6 мың доллар салынған сөмкені табуға көмек сұраған.

Сөмке иесі Денис Чернецский Алматы-Орал жолаушылар пойызымен Есіл станциясына достарына қонаққа барған. Үйге жеткен кезде ғана қомақты ақша мен құжаттар салынған сөмкенің жоқтығын анықтады. Ол көліктегі полиция департаментіне сөмкесінің жоғалғандығы туралы өтінішпен жүгінген.

Көліктегі полиция департаментінің мамандары жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қомақты қаржы салынған сөмкені тауып, иесіне қайтарды, - деді полиция.

Ер адам тәртіп сақшыларына жедел әрекет еткені мен қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін алғысын білдірді.

Барлық жаңалықтар