00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қарағандыда мас адам өзгенің көлігін жағып жіберген

31.03.2023 | 21:20
Елорда ақпарат
39

Қарағандыда мас ер адам өзгенің көлігін жағып жіберген, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс ПБ-ға 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші түнде көпқабатты үйдің ауласында көлігін қалдырғанын айтқан. Түнгі 02:00 шамасында кенеттен көлігі оталған. Анықталғандай, көліктің электр сымдарын әдейі жағып жіберген.

Оқиға орнынан отын қалдығы табылды. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қаскүнем көлікті мас күйінде өртегенін түсіндірді.

ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар