00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Barys City» тұрғын үй кешенінде өрт болды

31.03.2023 | 20:46
Елорда ақпарат
37

Астанадағы «Barys City» тұрғын үй кешенінде өрт болды. Екінші қабаттағы пәтердің балконы жанған, деп хабарлады Elorda.info

Елордалық ТЖД баспасөз қызметі өрт сөндіру қызметіне бүгін сағат 08:28-де Тұран, 46 а даңғылындағы «Barys City» тұрғын үй кешеінде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскенін мәлімдеді.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы жағанын анықтады.

Қатты түтін болды. Жедел және үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. 16 адамды эвакуациялады. Оның 6-ауы – бала. Сағат 09:10-да өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

 

Барлық жаңалықтар