00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордадағы тұрғын үй кешенінде өрт болып, 3 адам зардап шекті (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:12
Елорда ақпарат
46

Астананың оң жағалауындағы «Қахарман» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.

Бүгін сағат 10:43-те Момышұлы көшесі, 14 мекенжайында орналасқан «Қахарман» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.  Өрт сөндірушілер шақыру орнына үш минутта жетті. Анықталғандай,онда он бес қабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы ауданы 50 шаршы метр болатын пәтер жанып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте адамдарды құтқаруға кіріскен,  өйткені жанып жатқан пәтерде көмек сұраған адамдар болған. Елордалық өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресте өз өмірлерін қатерге тігіп, бес адамды құтқарды, оның ішінде бір бала бар. Он адам эвакуацияланды. Үш адам иіс тиіп, аураханаға жеткізілді. Олардың біреуі – бала, - деп хабарлады қалалық ТЖД .

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД құрамының 26 адамы және 6 техника жұмылдырылды, оның ішінде үш адамнан тұратын Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және бір техника бар.

Сондай-ақ жанып жатқан пәтерден қызыл жалынды сөндіру және адамдарды құтқару кезінде екі өрт сөндірушіні күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілді. Көмек сұрап айғайлаған жандардың даусын естіген №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі мен ӨСБ жедел кезекшісінің көмекшісі жағдайды бағалап, табандылық танытып, дер кезінде қимылдаған. Олар жанып жатқан пәтерге кіріп, өз өмірлерін қатерге тігіп, балаларды аман-есен құтқарған.

Үйдің ауласында тұрған автокөліктер өрт орнына баруды айтарлықтай қиындатқанын атап өткіміз келеді. Өрт шыққан сәтте әр секунд маңызды, сондықтар автокөлік иелерінен кіреберіс жолдарды бөгемеуді сұраймыз,  - деді құтқарушылар.  

Барлық жаңалықтар