00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қызды күштеп алып қашқандар ұсталды

31.03.2023 | 20:10
Елорда ақпарат
48

Шымкент қаласында қызды күштеп алып қашқандардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік желіде көлікке қызды күштеп салып, алып қашқан жігіттердің видеосы тарады. Желі белсендісінің жазуынша, оқиға Шымкент қаласындағы жатақханалардың бірінің алдында болған.

Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 125 бабымен «адам ұрлау» тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Жауап алу барысында Түркістан облысының тұрғыны Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген таныс қызды үйлену мақсатында ұрлап кеткені анықталды. Қыз некеден бас тартқанын және болған жайтқа қатысты ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүргізілуде,-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Барлық жаңалықтар