00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Өрттің кесірінен 8 бала қаза болды

31.03.2023 | 20:02
Елорда ақпарат
40

Түркияда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 8 бала қаза болды, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысында орналасқан Бурса қаласында болған. Тілсіз жаудың  құрбанына айналғандар Сирия босқындары екен. Құқық қорғаушылардың болжамы бойынша, өрттің шығуына асханадағы пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған. Пәтерде балалардан бөлек бір әйелдің мәйіті табылды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің деректеріне сүйенсек, тілсіз жаудың кесірінен балғындардың әкесі мен көршілері түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

Барлық жаңалықтар