00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 19:28
Елорда ақпарат
45

Полицияға қала тұрғыны мешітте намаз оқып тұрғанында ұялы телефонының ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлады Elorda.info.

Ер адам өзінің ұялы телефонын алыс бөлмеге қуат көзіне қойып, қайтып келгенде оны таппай қалған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер күдіктіні анықтады, ол көпшілік намаз оқып жатқан кезде телефонды алып, мешіттен шығып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер Қостанай облысының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонды күдікті сатып үлгерген.

Полицейлер оның мешітте ұрлық жасаудың тағы екі фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Гете көшесінде күртешенің қалтасынан ол телефонды ұрлап кеткен. Содан кейін Қабанбай батыр даңғылындағы мешіттен телефонды және құлаққаптарын ұрлаған.

Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Барлық жаңалықтар