00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Студенттерге несие рәсімдеткен комендант ұсталды

31.03.2023 | 18:03
Елорда ақпарат
45

Талдықорғанда Жетісу университетінің студенттері коменданттың үстінен арызданды. Күдікті ұсталды,  деп хабарлады Elorda.info.

Арыз берген студенттердің айтуынша, жатақхана коменданты оларға айфон телефонын алу үшін несие рәсімдеткізіп, несиені төлемей қойған. Қазіргі уақытта осы іске қатысты полиция күдіктіні анықтап, сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.

Осы факті ҚР ҚК 190 бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде 41 жастағы әйел ұсталды. Ол расымен студенттердің жатақханасында комендант болып жұмыс істейді. 11-қазан күні күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу органы 10 студент пен 2 жатақхана қызметкерінен түскен арыз бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 14,7 млн теңге. Бірақ күдікті денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Қазір ол ауруханада жаты»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір полиция күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда.

 

Барлық жаңалықтар