00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ақтауда екі жігітті балтамен аяусыз ұрып-соққандар ұсталды

31.03.2023 | 17:08
Елорда ақпарат
50

Ақтауда полицейлер ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан күдіктілерді ұстады. Анықталғандай, екі оқиға да Ақтауда әр түрлі уақытта болған, деп хабарлады Elorda.info.  

Бұған дейін әлеуметтік желіде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматты соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Сонымен қатар 16 және 21 жастағы күдіктілер ұсталған. Тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр.

Оқиғаланың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер Уақытша ұстау изоляторына қамалды

Барлық жаңалықтар