00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада мешітте екі рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды

31.03.2023 | 16:59
Елорда ақпарат
34

Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 43 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Тергеу барысында күдіктінің таңғы сағат 7:00 шамасында С.Рахимов көшесіндегі  мешітке келіп, киім ілгіште тұрған ішінде құжаттар мен дәнекерлеу құрал-саймандары бар рюкзакты ұрлап кеткені анықталды. Ұрлық орын алған сәт мешітте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құрады. Тағы бір жағдайда аталған күдікті үш күн бұрын осы мешіттен сағат 10:00 шамасында шарқайрақ (болгарка) пен бұрғылайтын аспапты ұрлап, 44 мың теңге көлемінде шығын келтірген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Ұсталған азаматқа қатысты ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Барлық жаңалықтар