00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Төтенше жағдай қызметкері қасақана өрт қойған

31.03.2023 | 16:55
Елорда ақпарат
27

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 7 қыркүйекте YouTube-тегі каналдардың бірінде видеоролик орналастырылған. ТЖМ соған қатысты тексеру жүргізген. 

Видеороликте өртті ұйымдастырғандардың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Утеулиев деп айтылған. Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Утеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Ж.Утеулиевті Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі және 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген министрлік хабарламасында. 

Мәлім етілгендей, тексеру шаралары барысында Ж. Утеулиев құрғақ шөпті не үшін өртегенін түсіндіре алмаған. 

Себебі ол қатты мас күйде болған. Қазіргі уақытта қызметтік тергеп-тексеру белгіленді, - деді министрліктің баспасөз қызметінен. 

Оқи отырыңыз: Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды

Еске салайық, 7 қыркүйек күні Алматыда ағаштар арасында от жаққан 54 жастағы ер адам ұсталған еді. Ол полицейлерге мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.

Барлық жаңалықтар